УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕКТЕП АУМАҚТАРЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Screenshot

Шымкентте білім беру ұяларының маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы басты назарда! Жауаптылар жас өспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында , арнайы мониторинн жүргізген. Жаңа оқу жылына орай, жаяу жүргіншілер жолағы қайта жаңғыртып, жаңа жол таңбаларын, тиісті белгілерді қойған.

Жаңа оқу жылында барлық мектептердің алдында, оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін сақтайтын полиция қызыметкерлерінің жұмысы да күшейтіледі. Тәртіп сақшылары жұмысқа сақадай сай тұр. Қауіпсізідікті сақтау үшін 154 жаяу жүргіншілер өткеліне арнайы жарық шам қойылған. Тиісті 15 орынға бағдаршамда орнатылыпты. Бұдан өзге оқушвлардың мектепке қатынауын жеңілдету үшін 281 аялдама орнатылыпты.