1 тамыздан бастап жылу энергия өндіру тарифі 23 пайызға қымбаттады. Демек жылу бағасы да өседі деген сөз. Мамандардың сөзінше тамыз айынан бастпп Шымкенттегі “3-Энергоорталық” АҚ-ның жылу тарифі 1 гигаколория үшін 7 230 теңге болып бекітілді. Бұл баға қосымша құн салығынсыз табиғи газ бағасының қымбаттауына байланысты өсіпті. Биыл Энергетикалық кәсіпорынға Шымкент қаласы әкімдігі және Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы департаменті тарапынан 189 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат станциядағы жабдықтарды жаңартуға, өндірістік қуатты арттыруға және реконструкция жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Жауаптылар бөлінген қаржының толық қалай жұмсалғанын 2026 жылы арнайы тексеру нәтижесінде анықтайды екен.
Осыған байланысты “3-Энергоорталық” мамандары баспасөз-турын ұйымдастырып, масс-медиа өкілдеріне инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалу барысын таныстырды. Компания басшылығы ағымдағы жылы қазандықтардың бірқатарында жөндеу жұмыстары болғанын жеткізді.
