Жалғастырамыз, Түркістанда агроөнеркәсіп кешеніндегі кемшіліктер ашық талқыланды.Мал басын есепке алу, жайылым жерді пайдалану және субсидиялау тетіктерінде кеткен олқылықтар облыс әкімінің өткір сынына ұшырады. Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте агросалада жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды.Зерделеу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқоры мен статистикалық мәліметтер арасында елеулі сәйкессіздіктер анықталған. Әсіресе жекелеген аудан-қалаларда айырмашылық жоғары екені белгілі болды.
Жиында облыстық ветеринария басқармасы жүргізген талдау нәтижелері де баяндалды. Зерделеу жұмыстары төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілген: нақты мал санын анықтау, жайылым жерлердің мақсатты пайдаланылуы, субсидия алған шаруашылықтардың салық тәртібі және мемлекеттік қолдаудың тиімділігі.
Нәтижесінде облыс көлемінде жүздеген мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, заң бұзған шаруашылықтарға тиісті ескертулер жолданды. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешеніндегі бақылау күшейтіліп, мал басын нақты есепке алу және субсидияның тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады.
