үркістан облысында цифрландыру бағытындағы маңызды әріптестік басталды.Облыс әкімдігі мен «Hikvision Kazakhstan» компаниясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Келісім өңірде ақпараттық технологиялар мен қауіпсіздік жүйелерін дамытуға бағытталған.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту – аймақтың стратегиялық бағыты екенін атап өтті. Бұл бағытта Түркістанда ІТ-мамандар даярлау жүйелі түрде жолға қойылған.Меморандум аясында компания Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті базасында оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Жоба студенттердің тәжірибелік білім алуына және түлектерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Тараптар бұл әріптестік өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға және цифрлық шешімдерді енгізуге серпін береді деп отыр.
