УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БЮДЖЕТ ПЛЮСТЕ: ӨҢІРДІҢ КІРІСІ АРТТЫ

Түркістан облысында бюджет кірістері күткеннен де жоғары орындалды.2025 жылдың қорытындысымен өңірдің өзіндік кірістері жоспардан 25млрд теңгеден аса қаражат артық түсіп, 301 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш облыс экономикасындағы өсімнің нақты нәтижесін көрсетіп отыр.Бюджеттің атқарылуы мен алдағы жоспарлар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Жиында инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы кірісті ұлғайту негізгі бағыт ретінде аталды.

Қаржы саласының дерегінше, облыстың өзіндік кірістері бір жылда айтарлықтай артқан. Салықтық түсімдер де өсім көрсетіп отыр.

Жиын қорытындысында облыс басшысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану, кіріс көздерін кеңейту және экономикалық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.