УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚҰНЫ 200 МЛН ТЕҢГЕ: МЕГАПОЛИСТЕ ЕКІ СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

12 млрд 195 млн теңге. Үшінші мегаполиске “Қазақстан халқы” қоғамдық қорынан қомақты қаржы бөлінген. Оның 10,5 млрд теңгесі денсаулық сақтаі саласына бағытталған. Сонымен бірге, қоғамдық қор шымкент қаласы әкімдігімен бірге 18 жобаны іске асырған. Оның жетеуі әлеуметтік нысандар. Бұндай жобалар арқылы қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға үлкен көмек көрсетіліп келеді. Сонымен бірге, қоғамдық қор білім беру саласына да көңіл бөлген. Нақтырақ айтқанда, мектеп бітірген жас түлектер “Қазақстан халқы” қоғамдық қорының грантына үміткер бола алады. Айта кетейік, дәл осы қордың есебінен Шымкент қаласында жаңа ангарлық типтегі екі спорт кешені бой көтереді. Әрқайсысының құны 200 млн теңгені құрайды.