УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕГАПОЛИС КӨШЕЛЕРІ ЗАМАНАУИ СТАНДАРТҚА САЙ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының дамуында жол-көлік инфрақұрылымының орны ерекше. Кең әрі сапалы жолдар – қала экономикасының ілгерілеуіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне және қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді. Бүгінде мегаполисте жол саласы бойынша жүйелі жұмыстар қызу жүріп жатыр. Мәселен Самал-3 шағын ауданындағя Юсупов көшесі – елдімекеннің негізгі күре жолы. Бұрын тек 2 жолақты болса, бүгінде 4 жолақты кең жолға айналды. Ені 7 метрден 14 метрге дейін ұлғайып отыр.

Нұрбол Қожабеков — Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы

Күннің ыстығына қарамастан құрылыс алаңында 20-дан астам техника үздіксіз жұмыс істеп тұр. Асфальт жабынының қалыңдығы – 27 сантиметрді құрайды. Ұлттық сапа орталығы мамандары жаңа төселген асфальттан сынама алып, оның құрамын және температурасын тексерді.

Ермек Намазов — «Ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚФ директорының міндетін уақытша атқарушы

Айта кетейік, биыл мегаполисте ұзындығы 161 шақырымнан асатын 252 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, жалпы ұзындығы 40 шақырымнан асатын 15 жол нысанын қайта жаңғырту және құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.