Шымкентте аптап ыстық жалғасуда. 40 градусты көрсетіп тұрған күнде шомылуға баратын халық саны да артады. Сондай демалыс орындарының бірі Қошқар ата өзені. Қала тұрғындары мен қонақтары Қошқар атаның салқын суына бой сергітіп, жағасындағы саябақтарда тынығып, табиғат аясында серуендейді. Әсіресе жаз мезгілінде мұнда адам аяғы үзілмейді. Деректерге сүйенсек, өзен суы қысы-жазы +11 +14 градус болып сақталып тұрады. Айта кетейік, бүгінде мұнда еліміздің батысы мен шығысынан бөлек, алыс-жақын шет елден арнайы келетіндердің де саны артқан.
