УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МӘМС: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТЕН ҚАҒЫЛМАЙДЫ

Screenshot

Шымкентте медициналық көмек сапасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Тегін медициналық көмек пен МӘМС аясындағы қызметтердің қолжетімділігі артып, емхана мен аурухана деңгейінде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Айта кетсек, МӘМС жүйесіне өзгеріс енгізіліп, Президент заңға қол қойды. Енді әлеуметтік осал топтағы азаматтар медициналық көмектен қағылмайды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған арнайы баспасөз-туры барысында айтылды. Медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер мен қол жетімді қызметтер жайлы кеңінен ақпарат берілді. Мас медиа өкілдеріне арналған баспасөз туры Бірінші қалалық клиникалық ауруханадан басталды. Мұнда жоғары технологиялар мен білікті мамандардың үйлесімі жаңа медициналық дәуірдің айнасы іспетті. Тәулік бойы қызмет көрсететін стационар хирургия, неврология, гинекология, урология, нейрохирургия және травматология саласында білікті ақ халаттылар жұмыс істейді. Жаңа жабдықтар, шетелде білім алған дәрігерлер, миға бас сүйегін ашпай ота жасауға мүмкіндік беретін операция бөлмелері – мұның бәрі халықаралық стандартқа сай дамып келе жатқан отандық медицинаның бет-бейнесі. Жаңадан ашылған ангиографиялық залда енді ми тамырларына, инсультке, бас ісіктеріне күрделі ота жасау – қалыпты жұмыс режиміне айналған. Жыл басынан бері осы ауруханада МӘМС есебінен 100-ден астам ота сәтті өткен.

Ал ауруханалардағы төсек-орын саны 10 пайызға өсіп, бүгінде 4894 орынды құрады. 2025 жылдың 6 айында 356 күрделі операция жасалды. Оның ішінде жүрек пен бүйрек трансплантациясы да бар.