Конференцияның шарықтау шегі – Кентау қаласының 70 жылдығына арналған арнайы кітаптың тұсаукесері болды. «КЕНТАУ. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ» атты туындыда қаланың күрделі де құнды тарихы, өндірістік өрлеуі мен әлеуметтік-мәдени дамуы терең сипатталған.
Бұл кітапта Кентаудың өткені мен бүгінгі келбеті ғана емес, болашақ даму бағыттары да ғылыми негізде баяндалған. Қаланың өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар туралы мақалалар мен архивтік суреттер тарихи дерек ретінде құнды. Бұл жинақ – тек Кентау үшін ғана емес, Қазақстанның индустриялық даму жолын зерттеушілерге арналған маңызды туынды.
Тұсаукесерде сөз сөйлеген зиялы қауым өкілдері бұл кітапты ұрпаққа аманат, келешекке бағдар деп бағалады.
