УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“КЕНТАУЫМ- МӘУЕЛІ ГҮЛБАҒЫМ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Screenshot

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында қала орталығында мерекелік концертте ұйымдастырылды. Ел тарихымен үндес, тағылымы терең, еңбекпен өркендеген Кентаудың төл мерекесі тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында қала әкімі Жандос Тасов құттықтау сөз сөйлеп, Кентау халқының бірлігі мен табандылығы арқасында бүгінде бұл өңірдің дамудың жаңа сатысына көтерілгенін атап өтті.

Сондай-ақ сахна төрінде кенді шаһардың дамуына үлес қосқан азаматтардяң мерейі үстем болды. Басым бөлігі мерекелік төсбелгімен марапатталды.

Бұдан өзге қала дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер де елеусіз қалмады. Қаланың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген азаматтар “Құрмет” төсбелгісімен марапатталып, сахна төрінде шынайы алғысқа бөленді. Бұл — ұрпақтар сабақтастығы мен еңбектің еленетінін айғақтайтын жарқын көрініс болды.

Кештің көркін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жұбаныш Жексенұлының әні аша түсті. Сахнаға көтерілген әнші өзінің жүрек тебірентер әндерін тарту етіп қана қоймай, Кентау халқын мерейтоймен шын жүректен құттықтады.

Кентаудың 70 жылдығына арнайы келген тұрғындар мерекелік көңіл күймен тарқасты.