УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Screenshot

Қалада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Шаһарда жыл сайын бұл жұмыс екі кезеңде, яғни көктем мен күзде жүйелі түрде атқарылады. Бұл бағыттағы шараларды «Ветеринариялық қызмет» мекемесі ұйымдастырады. Мамандардың айтуынша, биыл осы жұмыстарға 18 дезинфектор маман мен арнайы бүркуіш аппаратурасы орнатылған 6 техника жұмылдырылған.
Жыл басынан бері 152 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары бүркіліп, тоғытылды. Сонымен қатар, 4,6 миллион шаршы метр аумақтағы қора-жайлар, буферлік аймақтар, саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандырылды. Бірінші кезең 31 наурыз бен 15 мамыр аралығында жүзеге асырылса, екінші кезең 29 шілдеде басталды.
Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары бюджет есебінен тек қана малы бар үйлер мен ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қораларда жүргізіледі. Ал жеке және заңды тұлғалар көпқабатты үйлердің жертөлелері мен жеке сектордағы үй-жайларында дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз қаражатымен жүзеге асыруға міндетті.