Шымкентте экологиялық талапты орындамаған 5 кәсіпорын уақытша жұмысын тоқтатты. Мамандардың сөзінше олар арнайы нұсқаманы орындап, фильтр қойып құжат ұсынса жұмысын жалғастыра алады.
Шымкент қаласында қоршаған ортаның жағдайы күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Қаланың атмосфералық ауасының ластануы, тұрғындардан түсетін шағымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық тәртіпті сақтау деңгейі — барлығы Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің күнделікті бақылауындағы жұмыстар.
Экология департаменті – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізумен айналысады. Департаменттің күнделікті жұмысының басым бөлігі — қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қарауға бағытталған.
Шымкенттің экологиялық ахуалы тұрақты бақылауда болғанымен, өндірістік ластанудың артуы мен тұрғын шағымдарының жиілеуі — қалада экология мәселесі күн тәртібінен түспейтінін көрсетеді. Экология департаменті заң аясында қатаң шаралар қабылдап, ауаны бақылау жүйесін жетілдіруде. Дегенмен мамандар арызды желі арқылы емес арнайы е өтініш арқылы жолдауды сұрайды.
