Жағымды жаңАлық! Қарабастауда газ құбыры іске қосылды. Осылайша шалғайдағы елді мекендер инфрақұрылыммен қамтылуда! Қарабастау тұрғын алабында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков газбен қамтылған алғашқы тұрғын үйге барып, жаңа қосылған газ жүйесінің жұмысымен танысты.
Тұрғын үй иелерімен тілдескен әкім оларға газ желісіне қосылуымен құттықтап, бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын атап өтті. Газдың қосылуы – жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар жоспарда Қайтпас,Тұран және Алтынтөбе аймақтарында іске қосылады
Қала әкімі DLS-AVTO мобильді зертханасының таныстырылымына да қатысты. Бұл жылжымалы зертхана газ шығу қаупін анықтауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Мамандардың айтуынша, бұл – мемлекет тарапынан берілген алғашқы және тұрақты түрде қолданылатын зертхана.
Мобильді кешен газ жүйесіндегі ақауларды жылдам анықтап, апаттың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазгазаймақ директорының айтуынша, тұрғындарды қауіпсіз әрі үздіксіз газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.
