УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚАРТТАР ҮЙІ: ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Screenshot

Шымкенттік қариялар Қарттар күні ескерусіз қалмады. Мереке аясында AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалының өкілдері қарттар үйіндегі қарияларға құрмет көрсетті. «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шараны ұйымдастырды. Осылацша №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шара аясында орталықтағы 165 қызмет алушыға жылы жамылғылар табыс етілді. Қонақтар мен ардагерлер еркін әңгіме-дүкен құрып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

Қарттарға құрмет көрсету — қоғамның ізгілігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Бүгінгі шара — соның жарқын дәлелі болып отыр.