Шымкентте “Халық заңгері” акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы кезекті шара халық көп жиналатын Арбат демалыс аймағында өтті. Заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері халыққа тегін кеңес беріп, тұрмыстық даудан бастап еңбек және тұрғын үй мәселелеріне дейін нақты шешім жолдарын айтып берді. Заңгерлік көмекті тегін көрсетті.
Саябаққа демалуға келген қала тұрғыны Ирина Раченкова акцияның өтіп жатқанын байқап, тұрғын үй мәселесіне қатысты кеңес алуды жөн көрді. Айтуынша кеңес беріп отырған заңгерлер білікті. Әрі мәселеге қатысты егжей тегжейлі бағыт-бағдар беріпті.
Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға сеп болады дейді ұйымдастырушылар. Осылайша шымкенттіктер қажетті заңгерлік көмекті тегін алды. Халық заңгері акциясы алдағы уақытта жалғасады.
