УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Screenshot

Шымкенттіктер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы лейтенант Дархан Жорағұлды әскери оркестрмен қарсы алды. Жастар арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты Ақтау қаласында өтті. Оған 23 елдің спортшылары қатысты. 97 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты бәсекеде Дархан Жорағұл алтын медаль иеленді.

Дархан Жорағұл қоян-қолтық ұрыспен 2020 жылы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүргенде айналыса бастаған. 2021 жылдан республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындар алып келеді.