Бақытжан Шыймахамбетұлы қайтарымсыз грант алуға өтінім берген үміткердің бірі. Шымкенттік тұрғын бүгін бизнес жоспарын комиссия мүшелерінің алдында қорғауда. Ол Бөдене еті мен жұмыртқасын өндіру кәсібін ашпақшы. Осыған дейін, Бақытжан ос бизнесте көмекші болып жұмыс жасаған, толық қыр-сырын білгеннен кейін, өз кәсібін ашуды көздеген. Енді мемлекеттік қолдау нәтижесінде құрал-жабдыққа қаражатты ұтып алудан ниетті.
Комиссия отырысы бүгін басталды. Айта кетсек, бұл қайтарымсыз грант бағдарламасының 3 ші легі. 20 қазан мен 3 ші қараша аралығында мемлекеттік бағдарламаға қатысуға 398 азамат өтініш білдірген. Комиссия мүшелері олардың тек 96 -сын таңдауы керек. Сыннан сүрінбей өткендер бизнесін ашуға 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз қаражат ала алады. Айта кетсек, комиссия отырысы 5 күнге созылады.
Бизнес жоспарын қорғаған азаматтарға қойылған талап бірдей! Ал комиссия отырысы тікелей эфирде өтіп жатыр екен. Сондықтан бармақ басты көз қысты әрекет болмайды дейді мамандар. Десе де бұл жолғы комиссия мүшелкрінің тізімінде қай саланың қызметкерлері бар екенін біле алмадық. Комиссия мүшелері де сұхбат беруден бас тартты. Оған себеп комиссия отырысының тікелей эфирде өтуі және үміткерлердің көптігі болып отыр. Хош, енді бұл азаматтар бес күн бойы түрлі бизнес жобалардың құжатын қарап, әділ шешім шығаруы шарт.
