УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Әлеуметтік мәселе әлі де өзекті! Шымкент қаласы әкімдігінің фронт кеңсесінде халықты кезекті бірыңғай қабылдауы өтті. Басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне мәселесін айтуға келген тұрғындар көп. Бірі өтініштеріне жауап алып жатса, енді бірінің мәселесі уақытты талап етеді. Қабылдауда әлеуметтік, инфрақұрылым, тұрғын үй проблемасын айтып, көмек сұрағандар көп болды.

Иә, қазір кезектілік отбас банк қарамағаны өткен. Сала жауаптылары баспана заң аясында тек кезектілікпен беретінін тағы да ескертті.

Еңбекші ауданының тұрғыны футбол алаңшасын орнатып беруді сұрады. Бұл өтінішке байланысты сала мамандары мәселені назарға алатынын айтты.
Халық көтерген сұрақ көп. Бірақ олардың шешімі бір күнде табылмайтыны белгілі.
Дегенмен, тұрғындар бұл мәселелердің маңызды екенін түсініп, жауаптылардан нақты шаралар қабылдауды күтіп отыр. Ал қала басшысының жеке қабылдауына келушілер алдын ала жазылып, кезек бойынша кіруге мүмкіндік алды. Осы қабылдау барысында қала әкімінің тапсырмасымен әрбір өтініш мұқият қаралып, барлық азаматтарға заң шеңберінде толық жауаптар беріледі.
Айта кетсек, халықты бірыңғай қабылдау ай сайын өтеді. Мұнда айтылған әрбір арыз ескерусіз қалмайды дейді мамандар.