Мемлекет басшысының жолдауында жүктелген міндеттер мегаполисте қалай атқарылады? Қандай жұмыстар іске асады? Жұмыс жоспарын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін кемінде 850 млрд теңгеге жеткізу, өнеркәсіп өнімін 1 трлн теңгеден асыру және шағын және орта бизнестің үлесін қала экономикасына 46,3%-ға дейін жеткізу керектігін айтты. Сонымен бірге, жыл соңына дейін жол құрылысын 100% аяқтау жоспарда екенін де жеткізді. Ғабит Сыздықбеков жауаптыларға бұл цифрлардың негізсіз емес, қол жеткізуге мүмкіндігі бар екенін баса ескертті.
Снх: әкім
Шымшаһарда қала эконмикасын дамытуда, халықтың әл-ауқатын арттыруда жүйелі жұмыстар жалғасады. Әсіресе, жастарға сапалы білім беру, цифрлық қоғамға бейімделу мақсатында жасанды интеллектті дамыту, жаңа технологияларды енгізуге басымдық берілмек. Осы жұмыстарды жандандыру жолында қала әкімі әр басқармаған бірқатар міндет жүктеді.
Снх: әкім
