“30 жыл — 30 игі іс” аясында құтқарушылар тұрғын үйлерге арнайы газанықтағыш қондырғыларды да тегін орнатты. Бұл құрылғылар иісті газдың таралу қаупін алдын ала анықтап, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мұржаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар тұрмыстық өрттің алдын алуға және қыс мезгіліндегі қауіп-қатерді азайтуға септігін тигізеді.
Жалпы, «30 жыл – 30 игі іс» акциясының басты мақсаты – халыққа жақын болу, ел қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
