УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ”: БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Screenshot

Бала қауіпсіздігі басты назарда! Шымкентте төтеншеліктер әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастурад. Бұл жолы тұрғын үй терезелеріне қауіпсіздік бекітпелерін орнатты. Бұл – тұрғындардың тұрмыстық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды іс-шара. Мамандардың айтуынша, мұндай бекітпелер әсіресе кішкентай балалар бар отбасылар үшін аса қажет. Себебі жазатайым оқиғалардың көпшілігі қарапайым сақтық шараларының жоқтығынан туындайды. Терезеге орнатылған бұл құрылғы баланың ойнап жүріп сыртқа шығып кетуінен, биіктен құлауынан сақтайды.

Құтқарушылар құрылғыны орнату барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, тұрмыстық жағдайдағы қарапайым сақтықтың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Әсіресе қыс мезгілінде және көпқабатты үйлерде тұратындар үшін мұндай бекітпе – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы.

Айта кетейік бұл игі іс шара төтеншеліктердің өз қаражаты есебінен іске асып жатыр!