УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША РЕЙД КҮШЕЙДІ

Кентаудағы өрттен кейін Түркістан облысындағы кәсіпкерлік нысандарда газ баллондарды пайдалану бойынша рейдтер күйшейтілді. Басты мақсат – газ баллондарды заңсыз және қауіпсіздік талаптарын бұза отырып пайдаланудың алдын алу. Рейд барысында газ жабдықтарының техникалық жағдайы, сақтау және пайдалану тәртібі тексеріліп, түсіндіме жұмыстары жүргізілді.Төтеншеліктер сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне газ баллондарын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.
Енді өңірде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды бақылауға жауапты инспекцияның жұмысы да бақылауға алынды. Халық арасында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады.