«Таза қазақстан» жалпы ұлттық акциясы жүйелі түрде жалғасады. Қыс мезгілінде жолды қалыпты жағдайда ұстау үшін тазалау жұмыстары жіті жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында акция аясында атқарылалар жұмыстар талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпхар жолдасов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолды таза ұстан тұру үшін 330 техника,
1 155 жұмысшы жұмылдырылған. Көктайғақтың алдын алду мақсатында 10 151 текше метр құм мен 3000 мың тоннаға жуық тұз қоры бар. Арнайы техникалар пайдаланатын жанар-жағармаймен қамтылған. Ал жолда қалған жолаушылар паналайтын 4 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында Шыбықбел, Одаманбұлақ және Созақ ауданында Ащысай, Таскөмірсай жылыту бекеттері бар. Аталған жылыту бекеттері 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Яғни, төсек-орынмен және азық-түлікпен толығымен қамтамасыз етілген.
