УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА: ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮШ ЛАГЕРЬ САЛЫНАДЫ

Screenshot

Шымкентте балаларға арналған үш лагерь салынады. Бұл — олардың жыл бойы мазмұнды демалып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына арналған маңызды инфрақұрылым болмақ. Жағымды жаңалықты Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жеткізді.
Аталған жобаның алғашқы кезеңі ретінде арнайы жұмыс тобы қаладан шеткері орналасқан Маятас елдімекенінде жер телімдерін қарады. Табиғаты көркем, таза аумақ — балалардың тынығуына және түрлі бағытта дамуына толықтай мүмкіндік беретін әлеуетке ие,- деп жазды шенеунік ресми парақшасында.
Айта кетсек, Жұмыс тобында Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы, сондай-ақ Жер қатынастары, Құрылыс, Энергетика және инфрақұрылымдық дамыту, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары басшыларының орынбасарлары бар.
Жаңадан салынатын лагерьлер экологиялық таза, қауіпсіз әрі тез тұрғызылатын құрылыс шешімдерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық, спорттық, танымдық және ұлттық бағыттағы дамуына қолайлы орта қалыптастырылады.
Қазіргі таңда жоба тұжырымдамасы мен техникалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.