УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ТИМБИЛДИНГ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА АРНАЛДЫ

Түркістан облысындағы 80 ге жуық Үкіметтік емес ұйымдардың басы бір арнада тоғысты. Басты мақсат жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын кеңінен насихаттау, оны жүзеге асыру тетіктері және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелері талқылау. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып. «Бір мақсат, бір қоғам, бір болашақ» қағидаты қоғамның бірлігін нығайтып, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тың серпін бергенін айтты.

Басқосу барысында қатысушылар өзара тәдірибе алмасып, қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және командалық рухты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді