УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА” ФЕСТИВАЛІ: ТЕРБЕТТІ САЗЫМЕН ШӘМШІ ӘНІ

Screenshot

Шымкентте шәмші әлемі гүлзарында Қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай фестиваль өтті.

Мерекелік іс шара компазитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараға мәдениет және өнер саласының мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, фестиваль қатысушылары және қала тұрғындары қатысты.

Мерекенің концерттік бағдарламасы халықтың көзайымына айналған, ерекше дауыс иесі Азамат Жылтыркөзов пен Сүйемелдейтін: симфониялық оркестр,Бақыт құшағында анімен ашып берді.

Ән фестивалінде есті әндердің шығу тарихынан сыр шертетін сахналық қойылым көрсетілді. Жиналған жұртшылық сағына күткен шығармасын қосыла шырқап, ән салды.

Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, Мұхтар Әуезов өзі Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында «бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атануының сыры сонда.

Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Гала концертке жергілікті өнерпаздардан бөлек, елге танымал жұлдыздар да қатысты. Компазитордың шығармаларын Светлана Айтбаева, Заттыбек Көпбосынұлы, Жеңіс Ысқақова сияқты өнер иелері орындап, кештің көркін кіргізді.

Сазгерді ұмыт қалдырмайтын естеліктер өте көп. Шаһар орталығындағы көшеге Шәмші есімі берілген. Биыл бұрынғы электрон аялдасы да енді Ұлы сазгердің есімімен аталады. Бұдан өзге, көп қабатты тұрғын үй қасбетіне Шәмшінің муралы салынды. Сондай-ақ, Шәмші әлемі аллеясыда бар.

Халқымыз алі күнге дейін жүрегінің түкпірінде ұмыт қалмас Шәмшінің әсем ауендерін сақтап, шырқап келеді.

Айта кетерлігі, биыл жыл басынан бері ұлт жүрегіне әнімен ұя салған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде айрықша салтанатпен аталып өтуде. Ән падишасының мұрасын дәріптеуге арналған түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, халыққа рухани мереке сыйлап келеді. Сол игі бастамалардың бірі – Түркістан драма театрының сахнасында шымылдығы түрілген «Шәмші» атты қойылым. Бұл спектакльде сазгердің өмір жолы мен өнерге деген адалдығы көркем өрнектеліп, көрермен жүрегіне жол тапты.

Шәмшінің әні – қазақ даласының мәңгілік әуені. Бұл естен кетпес асыл мұраны жас ұрпаққа жеткізе беру – бәріміздің парызымыз.