УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ: МЕГАПОЛИСТЕ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Screenshot

Биыл ата заңның қабылданғанына 30 жыл! Осыған орай Шымкентте «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты конференция өтті. Шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және құқық қорғау саласының мамандары қатысты.

Іс шара аясында Тәуелсіздік пен Конституция тақырыбына арналған викторина өткізіліп, әділет органдарының жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай -ақ бұл күні заң саласының үздіктері марапатталды.

Жиында Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова Конституцияның ел дамуы мен әділет органдары қызметіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Асқат Есенәлиев Ата Заң жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Айта кетейік Конференция заң үстемдігін нығайту мен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.