Шымкентте 14 мыңға жуық алимент өндірісі тіркелген. Бұл — отбасылық-әлеуметтік мәселелердің өзектілігін үшін маңызды көрсеткіш.
Қалалық Әділет департаменті басшысының мәліметінше, биылғы алты ай ішінде: 6000-нан астам борышкер алиментті уақытылы төлеп отыр. 363 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 121-і қамауға алынған. 630 адам алимент төлеуден мүлде бас тартқан, олардың 300-і іздеуде жүр.
Әділет департаментігің басшысы бұл мәселенің күрделілігіне тоқталып, борышкерлердің жауапкершіліктен жалтармауы үшін қатаң шаралар қолданылып жатқанын айтты. Егер алимент төлеуші өз міндетін орындаудан бас тартса, сот орындаушылары әкімшілік жазаға тарту мәселесін қарастырады. Айта кетейік, бас бостандығынан айырылғаннан кейін де алимент төлемеген азаматтарға қатысты 29 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шыққан. Бұл жағдай отбасы институтының әлсіреуіне жол бермеу үшін алимент өндіру мәселесіне жүйелі және нақты шаралар қажеттігін көрсетеді.
