УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Screenshot

Шымкентте газдан улану бойынша қызыл аймақтағы аудандарда түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Газдан улану қаупі жоғары – қызыл аймаққа енген Ақжайық шағын ауданының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға арнайы дайындықтан өткен 38 маман жұмылдырылды. Мақсат – тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау. Оқыс оқиғаның алдын алу.

Мамандар әр үйге кіріп, тұрғындарға газ құрылғыларын дұрыс пайдалану ережесін түсіндіруде. Себебі, бейқамдықтың соңы – өкінішке ұрындырады. Газ – ыңғайлы, бірақ қауіпі ескерілмесе, өлімге апарар жол болуы мүмкін. Айта кетейік, техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт жасалмаған жағдайда газ құрылғыларын қолдануға рұқсат жоқ. Үй ішіндегі түтіндік пен желдеткіш жүйелері жарамды күйде болуы міндетті. Талапты елемегендерге жазаның да қарастырылғаны ескертіледі. қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі. Газ құралдарын күтіп ұстау, желдеткіш жүйесін тексерту – өзіңіздің және отбасыңыздың амандығы үшін маңызды.