УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚОШҚАР АТА ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Screenshot

“Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда! Кезекті сенбілік шарасы мегаполистегі емдік қасиеті бар су бұлақтарының табиғи қайнары және рекреациялық аймақ ретінде ерекше маңызға ие «Қошқар ата» өзенінің жағалауында өтті. Бүгінле ақысыз демалыс аймағына келушілер саны артқан. Сол себепті демалыс орнының тазалығы биліктегілердің басты назарында. Мұнда штаттық кестеге сай 20 қызметкер жұмыс істейді. Айта кетейік, учаске аумағында таза қазақстан акциясынан бөлек күн сайын демалушылардан қалған күл-қоқыс тазартылады екен.
Еске сала кетсек, бұл акция мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 8 сәуірінде басталған еді. Нәтижесінде елімізде млн-нан астам тұрғын аталмыш акцияға қатысып аула тазалығынан бастап, қоғамдық орынға деген құрметті арттырды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстанның әр өңірінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып мемлекетте жасыл желек жайқалды.