Шымкент қаласында Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс шаралар өтті.Мереке қаламыздың орталығындағы Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, саяси партиялар. Белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Мерекеге Абай есіміді бүлдіршіндерді және талантты жастарды жинаған. Олар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Қатысушылар Абай хәкім музейінде Қазақтың дара туған данасы- Абай атты ашық есік күніне қатысты. Музейде абайдың өмірі мен шығармашылығын жан жақты таныстыратын бірегей экспозициялармен Әлем таныған Абай көрмесі болды Экпозицияда сирек архивтік құжаттар, Абайдың қолжазбалары, Тұрмыстық бұйымдары, 19 ғасыр жәдігерлері, сондай-ақ шәкірттері мен абайтанушылар жайлы тың деректер ұсынылды.
Мерекелік шара Абай Әлемі республикалық байқаумен жалғасты. Көрермен ұлы ойшылдың өмір жолын бейнелеген әсерлі көріністің куәсі болды.
Сондай ақ көрме орталығында абай еліне саяхат атты фото көрме мен, кітап көрмесі ел назарына ұсынылды.
Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек хакім Абайдың 180 жылдығымен құттықтап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар байқаудың жүлде қорымен жастарға шабыт берді.
Ұлы ойшылдың әдеби-рухани мұрасын дәріптеп, халықтың таным көкжиегін кеңейту, көркем әдебиетке құштарлықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңі онлайн форматта өткен. 2ші кезеңінде әдебиет зерттеушісі Құлбек Сәрсенұлымен мәдениет және қоғам қайраткерлері әділ қазылық етті. Қазылар алқа құрамында Уақыт телеарнасының редакторы да болды.
Байқаудың офлайн бөлімі 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде қатысушы жас дарындар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. 2-ші кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың зерттеулерін ұсынды
Абайдың сырлы әндері шырқалып, залды мөлдір әуен мен терең ойдың арнасына бөлегкен сахынада Көрермендер мен әділқазылар жүзден жүйрігін анықтады.
Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінң қызыметкері Мәлік Бекжан шеберлігімен де, жігерімен де ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 1 миллион теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды.
Ал Батыс Қазақстан өңірінен келген Азат Мыңбаев тамаша өнерімен көпшілікті тәнті етіп, бірінші орынды қанжығасына байлады. Оның жүлдесі – 700 мың теңге. Айта кетсек, бұл байқау биыл ғана республикалық деңгейде өтті. Қазылар алқасы да қатысушылар дайындығын жақсы бағалап отыр.
