УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Screenshot

Қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы атқарған жұмысты қорытындылады. Бұхарбай Пармановтың сөзінше Қоғамдық кеңестің IV шақырылымының мүшелері 12 наурызда бекітіліп, құрамына 29 адам кірген. Олардың қатарында қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, мәдениет, білім, медицина, заң және масс-медиа өкілдері бар.

Кеңесте 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді: бюджеттен бастап, ауыл шаруашылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға дейінгі бағыттарды қамтиды. Есеп бойынша Алты ай ішінде кеңес 5 жоспарлы отырыс өткізіп, 15 мәселе қарап, 50-ге жуық ұсыныс мемлекеттік органдарға жолдаған. Бірақ бәрі бірдей оң шешім таппаған. Мәселен, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қалалық департаментінің есебі қанағатсыз деп танылып, қайта қарауға жіберілді. 30-дан аса нормативтік құқықтық акт жобасы сүзгіден өтіп, қорытындылар жасалған.

Қоғамдық кеңес мүшелері тек кабинетте отыра бермей, қоғамдық мониторинг те жүргізген. Мүшелер ескі қалашық Цитадельге, Металлург саябағына, заңсыз қоқыс алаңдарына, Бадам өзені жағасындағы рұқсатсыз шағал тас өндіру орындарына және дендросаябақтағы абаттандыру жұмыстарына барып, кемшіліктерді анықтапты. Басқарма басшыларына арнайы ұсыныс беріп, ретке келтіру бойынша мерзім бекіткен екен. Қоғамдық кеңес бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады.

Ақпараттық ашықтық
Қоғамдық кеңес мүшелері туралы толық ақпаратреспубликалық Kazkenes.kz сайтында орналастырылған.
Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайтында арнайы Қоғамдық кеңес бөлімі жұмыс істейді, онда кеңес қызметіне қатысты барлық мәліметтертұрақты жарияланады.