УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Screenshot

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде “Жұмысшы мамандықтар жылы” және Құрылысшылар күніне орай студенттердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты жастар арасында құрылыс саласындағы мамандықтарды насихаттап, олардың беделін арттыру, кәсіби бағдар беру және тәжірибелік жұмыстар арқылы болашақ мамандықтың қыр сырымен таныстыру.

Көрмеге 400-ден астам оқушы мен студент қатысты. Олар өз қолымен жасаған макеттерін, көркем жұмыстарын және құрылыс саласындағы түрлі жобаларын таныстырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жас ұрпаққа құрылысшы мамандығының қоғамдағы маңызын түсіндіріп, олардың қызығушылығын оятуға бағытталған.