УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ЖЕР ДАУЫ, ЗАҢСЫЗ КӘСІП”: ӘЛ — ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАР ӘКІМГЕ МӘСЕЛЕСІН АШЫҚ АЙТТЫ

Screenshot

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі жалғасуда. Бұл жолы шаһар басшысы Әл-Фараби ауданына қарасты Теріскей көшесінде тұрғындармен ашық кездесу өткізді. Жиналғандар әкімге бірқатар түйткілдерін бүкпесіз жеткізді. Оларды Көшеде бос жатқан жер телімдері мен пайдалануға берілген аумақтардың заңдылығы алаңдатады. Халық әкімнен осы даулы учаскелердің құжаттарын тексеруді сұранды.

Тұрғындар қоғамдағы твныштық бұзылғанын айтады! Ішімдік ішкен адамдардың заңсыз әрекеті көбейіпті. Әсіресе кешкі уақытта халықтың тыныштвғы бұзылатын көрінеді. Бұл жағдай қарттарға да, балаларға да қолайсыздық туғызуда.

Қарашаны алаңдатқан тағы бір мәселе жеке кәсіпкерлік нысандар! Үйдің іргесінде ашылған бизнеске де наразылық білдіргендер болды. Тұрғын кәсіптің заңдылығына күмән келтіріп, тексеруді талап етті.

Халық жиі көтерген өзекті мәселелердің бірі бейнекамералардың жоқтығы. Қауіпсіздік үшін көшеге бейнекамера орнату туралы ұсыныс көптеп айтылды. Тұрғындардың сөзінше, камера қылмыстың алдын алып, тәртіп бұзушыларға тосқауыл болуы керек.

Деседе әкімнің сөзінше бейнекамера орнату конкурсы төңірегінде бірқатар мәселе бар.шаһар басшысы тіпті полиция қызметкерлері істі болып, тендерге қатысқан компаниялар өзара соттасып жатқанын айтты. Сондықтан бұл мәселені шешу тосқауылдап тұр!Әкім қалада тозығы жеткен трансформатор бар екенін мойындайды. Жаңарту жұмысы кезеңімен іске асып жатқанын айтады!