УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҰЛҒАЯДЫ

Screenshot

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы жарты сағатқа да созылмады. Күн тәртібі бойынша алдымен қаланың бюджеті талқыланды. Нақтырақ айтсақ, мегаполистің жалпы бюджет көлемін 45 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылған. Одан бөлек үнемделген және игерілмеген қаржы қаланың бірқатар басым саласына бағытталуда. Қала бюждетін нақтылауда қазіргі 850 млрд теңгеден 895 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.

Отырыста жеке меншік мектепті жан басына қаржыландыру жайы да қаралды. Негізгі мәселе қажеттілік 90%-ға қамтылған, ал қалған 10%-ы кімдер, неге қамтылмайды және балалар қайда барады деген сұрақтардан туындап отыр. Егер республика бюджеттен қаржы қарастырмаса жеке білім ордаларының жайы не болады?