Шымкентте Балалар құқығын қорғау туралы басқарма құрылады. Бұл туралы
қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында айтылды. Бұл басқарма мегаполистегі жастардың артуы мен қауіпсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қалалық ішкі саясат екіге бөлініп, жастар басқармасы құрылады.
Отырыста бұдан бөлек қалалық бірқатар басқармада ауыс-түйіс жайы болғаны айтылды. Айта кетейік, жиында жерлеу, зияртты күтіп ұстау қағидаларын бекіту, сонымен қоса қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою мәселесі де қаралды. Кезектен тыс отырысқа қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қатысып, мегаполистегі атқарылатын жұмыстар жолында мәслихаттың да орын ерекше екеніне тоқталды. Қабылданған шешімдердің тұрғындар үшін оңтайлы болатынына сенетінін айтты.
