Өндіріс алаңдарын аралап болған соң, Вице- министр шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті. Жиын барысында бизнес иелері кездесетін кедергілер туралы Айдар Абилдабековке жеткізді. Саланы дамыту жолдары да қаралды. Тауар экспорты кезіндегі орын алатын жағдайларды вице-министр тыңдап, әр кәсіпкермен жеке жұмыс жасаймыз деді. Айта кетейік, бүгінде елімізде сырттан келетін тауардың ішкі нарықта арзан сатылатыны мәлім. Сол себепті бизнес иелеріне ең алдымен тұтынушыларға сапалы өнім ұсыну керек екенін баса ескертті. Сонымен бірге, вице-министр 3 кәсіпорын бір жерде шоғырланса, екеуі мемлекеттен қолдау алып, ал оның біреуі мемлекеттің көмегінен бейхабар дейді.
