Шахарымызда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығана орай іс-шаралар жалғасын табуда. Бұл жолы түнгі кітапха жобасы аясында Желсіз түнде жарық ай поэтикалық кеші өтті. Шараны Жумат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері Абай ауылы музыкалық театрландырылған көрінісімен ашты.
Түнгі шахарды әсем ән мен тәтті күйге бөлеген шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиетші ғалымдар, Абай танушылар мен кітап сүйер оқырмандар қатысты. Абай мұрасын саз бен сөздің құдіреті арқылы таныту мақсатында жастармен түнгі кітапхана оқырмандарына ақын жырларынан ән шашулар шашылды.
Келушілер мен қала тұрғындарына арнап «Әл-Фараби» атындағы қалалық кітапхана кітап көрмесін ұсынды. Көрменің бастым Бөлігі абай мұраларына араналып арнайы Абай өңірінен инсталяциялар ұсынылды.
Сондай- ақ, шараның көркін ашу үшін Шымкентте өткен Абай Әлемі республикалық байқауының және Абай облысында өткен ұлы ақынның 180 жылдығына арналған Жеті қазына республикалық фестивальінің жеңімпаздары сөз алып, әдебиет сүйер қауымға Абай өлеңдерін әсем орындап берді. Айта кетейік Абай Әлемі сайысы алғаш рет шахарымызда республшикалық деңгейде өтіп, 6506 әскери бөлімінің офицері летейнант Бекжан Әбдімәлікұлы Мәлік өз талантымен бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Түнгі кітапхананың қадірменді қонағы ретінде Мұхтартану ғылыми орталығының басшысы филолог ғалым, абайтанушы Ақжол Қалшабек шақырылған. Ол оқырмандарға өзінің Абай, Мүрсейіт қолжазбаларына сүйеніп жасалған транскрипция» атты жаңа ғылыми еңбегін щахар тұрғындарына паш етті. Абай Құнанабайұлының 180 жылыдғына орай жарық көреген туындының 2000 данасы басылып шыққан және және өзі ала келген кітапты кәтапханаға тарту етті.
Таң атқанан кеш батқанға дейін жұмыста жүретін халыққа әрі студенттерге түнгі кітапхана жобасы қатты ұнап, ақын жазушылардың шығармаларымен кеңіненен тануға мүмкіндік берді.
Сала мамандарының айтуынаша Қалың қарашаның білім мен суысындап, кітап оқуы үшін кітапхаларды түнгі уақытарда да жұмыс жасауына жағдай жасалады деп күтілуде.
