УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ- МИНИСТРІ МЕГАПОЛИСТЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Screenshot

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Шымкентке келді. Іс сапар аясында ол өңірдегі өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің дамуына үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындарды аралады. Мұнда бидайдан жоғары сапалы ұн өндіріледі, сондай-ақ түрлі тәтті өнімдер, оның ішінде печенье түрлері дайындалады. Шығарылған өнімдер ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие.

Вице-министр өндіріс орнын аралау барысында кәсіпорынның жаңа технологияларды енгізу деңгейіне, өнімнің сапасына және экспорттық әлеуетіне назар аударды. Аталмыш кәсіпорындар отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңір экономикасын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосып отыр. Вице-министр мегаполистегі есік шығаратын кәсіпорынның жұмысымен де танысты. Ол басты назарды сапаға аудару керек екенін баса айтты.