УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

СКОРИНГТІК МОДЕЛЬ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТЕК МҰҚТАЖДАР АЛАДЫ

Screenshot

Енді әлеуметтік көмек барлығына бірдей емес, тек мұқтаждарға төленеді. Бағалау кезінде материалдық көрсеткіштер яғни отбасының табысы, мүлкі, көлігі, несиесінің болуы ескеріледі. сондай-ақ денсаулығы, мүгедектігі, білімі және асырауындағы адамдар саны мен бейресми жұмыспен қамтудан түсетін жасырын табыс секілді мәліметтер де назарға алынады.
Скорингтік модель жүйесі Шымкент пен Қарағанды облысында пилоттық жоба Отбасының әл-ауқатын анықтайтын баллдық үлгі 23 көрсеткіш бойынша сарапталады. Аталған деректер отбасының цифрлық картасында жинақталып, жүйе оларды санатқа бөледі.

Мәселен, бір отбасында екі және одан да көп үй, бірнеше көлік болса немесе әр мүшесіне шаққандағы табыс күнкөріс деңгейінен төрт есе артық болса, ол жанұя жоғары әл-ауқат санатына жатқызылады. Яғни, жергілікті бюджеттен берілетін қосымша көмекке қол жеткізе алмайды.
Ал мұқтаждық деңгейіне қарай 1-ден 5-ке дейінгі санаттағы отбасыларға мектепте тегін тамақтану, жатақханамен қамтамасыз ету, тұрғын үй көмегі, санаторийлік емдеу сынды әлеуметтік қолдаулар автоматты түрде тағайындалады.

Маңыздысы – бұл жүйе республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерге әсер етпейді. Яғни, зейнетақы, бала күтімі бойынша жәрдемақылар, көпбалалы аналарға берілетін төлемдер бұрынғыдай сақталады. Жаңа скорингтік жүйе – әлеуметтік әділдіктің кепілі болмақ. Қажеттілігі бар жанұяға көмек дер кезінде жетсе, әл ауқаты бойынша 6 санатқа жататын отбасылар кейбір әлеуметтік шаралардан қағылады.