«Отбасы банк» мамандары тұрғын үй бойынша мемлекеттік қолдауды тағайындауда әділеттілік қағидаты басты назарда екенін айтады. Егер отбасының бірнеше пәтері мен көлігі бар болса, ол қолдау алушылар қатарынан шығарылады. Ал шынымен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жатақхана, тұрғын үй көмегі және басқа да жеңілдіктер бірінші кезекте көрсетіледі. Жаңа жүйенің басты артықшылығы – нақты дерекке сүйенуі және қолдаудың ең әуелі мұқтаж азаматтарға жетуінде. Айта кетсек жыл басынан бері гаһарда пә ер ақысын субдиялауға 5 мыңнан астам өтінім келіп түскен.
