УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ СЕМИНАР: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУДІ ЖАРНАМАДАН БАСТАҒАН ЖӨН

Screenshot

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді жарнамадан бастаған жөн! Бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Мегаполисте қоғамдық орындардағы жарнама тақтайларын заңға сәкес жазу бойынша
семинар өтті. Жиынға кәсіпкерлер арнайы шақыртылған. Жиында тіл мамандары мен құзырлылар заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізді.

Семинарда жарнама тақтайшалары мен ас мәзірі және баға көрсеткіштерін мемлекеттік тілде талапқа сай рәсімдеу, қателіктерді болдырмау үшін дәріс оқытылды. Спикерлер бизнес иелерінің сауалдарына жауап берді.

Заңға сәйкес, тіл заңнамаларын бұзған кәсіпкерлер жауапқа тартылады. Мамандар өрескел қателік жіберетіндерге жауапкершілікті нақты түсіндірді.