УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БАСТАДЫ

Screenshot

Шымкент тұрғындарын жаңа автобус тасымалдайды. Мегаполиске жеткізілген 58 су жаңа заманауи қоғамдық көлік қалалық бағытқа шығарылды. Оның 28-і шағын автобус. Яғни, олар шалғайдағы шағын аудандар мен тұрғын алапта тұратын халыққа қызмет көрсетеді. Айта кетейік, жаңа маршруттарды 7 компания 12 бағыт бойынша алып келген. Заман талабына сай қоғамдық көліктерде желдеткіш, бейнебақылау жүйелері, навигация және заманауи төлем желісі бар, ең бастысы мүгедектігі бар жандарға да жағдай жасалған.

Жауаптылар мегаполис тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін бұл жұмыстардың тоқтамайтынын айтты. Бүгінде жаңа оқу жылы қарсаңында жолаушылар саны артып, қоғамдық көлік мәселесі туындайтынын ескергендер, бұл жағдайды да назардан тыс қалдырмаған. Яғни, автобустар таңғы 5-6 дан жұмысын бастап, кешкі 9-10 ға дейін жүреді.