Жазғы кезеңде мектептер жанынан ұйымдастырылатын «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары – болашақ бірінші сынып оқушыларының жаңа оқу жылына дайындық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды білім беру жобасы. Бұл курстардың басты мақсаты — мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың оқу, жазу, санау дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне бейімдеу. Бүгінде үшінші мегаполистегі №143 мектепте «Балақайлар мектебі» қарқынды түрде өтуде. Білім ордасы басшысының сөзіне сүйенсек бүгінді 280 бала 1-сыныпқа қабылданған. Оларға жаңа технологиялар арқылы 11 сыныпқа 11 мұғалім білім беруде.
Әдістемелік ұсынымдарда мұғалімдерге әр баланың жас ерекшелігі мен психологиялық дайындығын ескере отырып, жеке және сараланған оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, балалардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі көрнекі құралдар, интерактивті тақталар және мультимедиялық материалдар пайдаланылады. Білім ордасындағы мұғалімдердің айтуынша, балалар ерекше ынтамен, қызығушылықпен сабаққа белсене қатысуда екен.
Курстар жаз мезгілінде өтеді. Әдістемелік құжатта ата-аналармен бірлескен іс-шаралар да қарастырылған: ашық сабақтар, танымдық саяхаттар, мерекелік қойылымдар мен шығармашылық көрмелер ұйымдастыру ұсынылады. Бұл балалардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдетіп, мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Бүгінде баласын алғаш мектепке орналастырған ата-аналар «Балақайлар мектебінің» жұмыс істеп келе жатқанына риза. Бұндай мектепалды курстар балаларымыздың білім ордасына бойларын үйретіп, жазу мен сызу қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді дейді.
Осылайша, «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары — баланың алғашқы білім баспалдағын сенімді қадаммен аттауы үшін тиімді және қызықты дайындық алаңы болып табылады.
