УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“МӨЛДІР БҰЛАҚ”: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ БҰЛАҚ КӨЗІН ТАЗАРТТЫ

Қазығұртта тазалық шарасы жалғасып жатыр. Бұл жолы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Шарбұлақ ауылында ұйымдастырылды. Игі бастама аясында бұлақ көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар өзен жағасына тал көшеттері отырғызылды.Ауыл тұрғындары бірлігін көрсетіп, игі бастамаға белсене атсалысты. Сондай-ақ акция аясында аудан әкіміде табиғатқа жанашырлық танытып, тазалық жұмысын жүргізді.

Экологиялық шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды қорғау және елді мекендерді көгалдандыру. Жиналған жұрт туған жерге жанашырлық танытып, табиғатты аялаудың маңызын көрсетті. «Туған жерге тағзым – елге қызмет!» атты ауқымды жоба аясында іске асқан тазалық шарасына жастар да атсалысты.

Табиғатты таза ұстау мен жасыл желекті көбейту – елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастырудың маңызды шарты. Айта кетсек, экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасатын болады.