Жалғастырамыз! Шарбұлақ ауылында жаңа мешіт ашылды. Алла үйінің ел игілігіне берілуі ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болып, елді мекеннің рухани өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.
Мешіттің салтанатты ашылуына орай ауқымды іс шара да ұйымдастырылды. Ел назарына аудандық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды. Көпшілік ұлттық нақыштағы бұйымдар, шығармашылық жұмыстар мен өнер туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ Шарбұлақ ауылының тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылым көрсетілді. Сахналық көріністе ауылдың өткені мен бүгіні сабақтастырылып, елді мекеннің қалыптасу кезеңдері бейнеленді.
Шара ұлттық ойындардан ұйымдастырылған жарыстармен де жалғасты. Қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын сынап, ұлттық ойындардың мән-маңызын көрсетті.
Шарбұлақтағы басқосу туған жердің тарихын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және ауылдың рухани-мәдени өмірін жандандыру бағыттарын тоғыстырды.
