Әлеуметтік желідегі мониторинг жұмысы жалғасуда. Бұл жолы Түркістан облысында полицейлер TikTok-тағы тікелей эфирден құқыққа қайшы әрекетті анықтады. Эфир кезінде әйел адамның агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер қолданғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері тексеру барысында құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны Баян Шанкеева болып шықты. Сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
