УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ: ЖАУШЫҚҰМ – ҚАЛҒАНСЫР ЖОЛЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Түркістан облысында тұрғындардың өтініші негізінде Жаушықұм мен Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің халықпен кездесуінде көтерілген болатын.

Нәтижесінде облыстық бюджет есебінен Жаушықұм – Қалғансыр» аудандық маңыздағы автомобиль жолына жаңа асфальт төселді. Жобаның іске асуымен Шардара ауданының Жаушықұм елді мекені мен Келес ауданының Қалғансыр ауылы арасындағы жол жүру қашықтығы 85 шақырымнан 15 шақырымға дейін қысқарды. Бұл екі елді мекен арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін арттырды. Өңірде халық көтерген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.