Түркістан облысында кәсіпкерліктің жаңа бағыты қолға алынбақ. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қытайдың ірі компаниясы өкілдерімен кездесіп, гүл шаруашылығын дамыту жобасын талқылады. Инвесторлар өңірдің климаттық ерекшеліктерін зерттеп, гүлдер мен сәндік ағаштарды жерсіндіруге қызығушылық танытып отыр.Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында раушан гүлдерін өсіру бойынша сынақ жұмыстары басталған. Егер алғашқы нәтижелер сәтті болса, гүл алқаптарының көлемі 20 гектарға дейін ұлғайтылмақ. Жоба аясында өндірілген өнімдер ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдері мен Ресейге экспортталады деп жоспарлануда.Аймақ басшысы мұндай бастамалар өңір экономикасын әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ инвесторларға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
